«Жетісудың киелі жерлері» буктравел
Дата: 24.02.2020 | |
Просмотры: 121 | Печать страницы |

Ақпан айының 24-ші жұлдызында № 2 мектептің 6 «ә» сынып оқушыларымен қалалық орталық балалар кітапханасының жоғарғы сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімінде, «Жетісудың киелі жерлері» тақырыбында буктравел өткізілді. Мақсаты: Оқушылардың жер жәннаты - Жетісу туралы түсініктерін толықтыру, туған ел табиғатының көркемдігі туралы мәлімет беріп, киелі жерлерімен таныстыру. Туған табиғатты көркейтуге, қадірлеуге тәрбиелеу, оқырмандарды табиғатқа деген сүйіспеншілікке баулу, табиғатты қорғап-қоршауға шақыру, экологиялық мәселені көтеру. Шара барысында кітапханашы Ф.Жакупова оқырмандарды слайд арқылы Жетісу өлкесінің киелі жерлерімен таныстырып өтті. Шараға 23 оқушы қатысты.