"Ұлт ұстазы Ахмет"
Дата: 23.06.2022 | |
Просмотры: 76 | Печать страницы |

Өтенай ауылдық №5 кітапхана филиалында 23 маусым күні Республикалық «Бір ел-бір кітап» акциясы аясында Ахмет Байтұрсынұлы шығармаларын оқу мақсатында «Ұлт ұстазы Ахмет» атты әдеби марафон кітапхананың жас оқырмандарымен өтті. Балалар ақынның шығармаларымен танысып,өлеңдерін жатқа оқыды.
Мақсаты: қоғам және мемлекет қайраткері, ақын, ағартушы, ғалым Ахмет Байтұрсынұлының шығармаларын насихаттау. Балалардың кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыру.