Экология-бүкіл әлем тағдыры
Дата: 10.06.2022 | |
Просмотры: 93 | Печать страницы |

5 маусым-Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай 3-ші бөлімшедегі №7 кітапхана филиалында 2022 жылы 6 маусым күні «Экология-бүкіл әлем тағдыры» атты экология сағаты өтті. Мақсаты: Табиғаттың адам өміріндегі зор маңыздылығын насихаттай отырып оны аялауға, сақтап қорғауға өз үлестерін қосуға жұмылдыру, экологиялық білімдерін молайту, табиғатты қорғау, экологиялық тәрбие негізін қалыптастыру. Жастарды елін, жерін сүюге, қадірлеуге үйрету. Экологиялық апаттарды болдырмауға атсалысу.