"Өмір гүлі балалар"
Дата: 01.06.2022 | |
Просмотры: 65 | Печать страницы |

Өтенай ауылдық №5 кітапхана филиалында 1 маусым балаларды қорғау күніне орай «Өмір гүлі балалар» атты шара кітапхананың жас оқырмандарымен өтті. Шара барысында балалармен сананы қуаттандыратын логикалық сұрақ-жауап ойынымен қоса ұлттық ойындар; «Ақсерек-көксерек», «Түйілген ормал», «Асау мәстек» т.б. ойындарын ойнату арқылы халқымыздың ұлттық мәдениетімен таныстыру негізге алынып, түрлі викториналық сұрақтар қойылды.
Мақсаты: «Балаларды қорғау күні» туралы түсініктерін бекіту. Жас оқырмандардың білімділікке, зеректікке, ізденімпаздыққа, отаншылдыққа тәрбиелеу. Өз ойларын айта білуге, өз көзқарастарын, ойтолғауларын жеткізе білуге бағыт беру, белсенділіктерін арттыру. Балаларды өзін құрметтеуге, жеке тұлға ретінде көрсете білуге тәрбиелеу.