«Тіл тәуелсізідігі -мемелекет болашағы»
Дата: 21.02.2020 | |
Просмотры: 132 | Печать страницы |

21 ақпан күні Өтенай ауылдық кітапхана филиалында 21 ақпан халықаралық тілдер күніне орай «Тіл тәуелсізідігі -мемелекет болашағы» атты сұрақ-жауап кеші өтті. Шараға №21 мектептің 8а сынып оқушылары сынып жетекшісі Бақыт Нұрболатқызымен бірге қатысты.
Мақсаты: Оқушылардың өз еліне, ұлтына, тіліне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, тілді ұлттық мұра ретінде сезінуге, тіл мәдениетін сақтап, тіліміздің қадір - қасиетін бойларына білім арқылы сіңіре білуге үйрету. Шара барсында оқушылармен Тіл - адамның барлық саналы өмірінің құралы өнерді, білімді, мәдениетті, қоғамның белсенді азаматы болуды әр адам баласы тіл арқылы үйренеді. Тіл, оның ішінде қазақ тілін халықтың барлық іс - әрекетінің, қарым - қатынасының құралы болғандықтан оның мәдениетін жоғары сатыға көтеру әрқайсымыздың борышымыз-делінді. «Кім жылдам?» ойыны ойнатылу үстінде балаларға өз ана тілімізге, салт-дәстүрімізге, тарихымызға, әдебиетімізге қатысты бірнеше сұрақтар қойылды. Балалар мақал-мәтелдер айтып жарысып, ана тіліміз туралы өлеңдер оқыды. Адамзат тарихындағы көп тілді меңгерген полиглот ғалымдар мен басқа да тіл туралы қызықты фактілер жайлы айтылды. «Тіл –халық рухы» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды. Шараға 25 адам қатысты.