Ұлттық қолөнер- тәрбие көзі
Дата: 20.05.2022 | |
Просмотры: 58 | Печать страницы |

3-ші бөлімшедегі №7 кітапхана филиалында «Мерей» - қолөнер клубы жұмыс істейді. Біздің үйірмеге 2-6 сынып аралығындағы оқушылар қатысады.
Құрақ құрау-мата қиындыларын іске ұқсату, кәдеге жарату және үлкен сәнділікпен матадан әр түрлі пішіндерді қиюластыра отырып келтіру. Құрақ құрау өнерінің терең мән-мағынасы бар. бүгіән біз 14 наурыз күні «Мерей»-қолөнер клубы мүшелерімен «Ұлттық қолөнер- тәрбие көзі» деген тақырыпта биылғы жылы құрақ құрауды үйренеміз. Қатырма қағаздан қиып жасаған құрақтарды матаға түсіріп, сызып аламыз да қайшымен кесіп құрақ көздерін көктейміз. Мақсаты: Оқушылардың құрақ туралы ой ұшқырлығын және білімдерін жетілдіру, құрақтың тігілу жолдарын үйрету, үнемділікке, икемділікке, ұқыптылыққа, тиянақты болуға тәрбиелеу, шапшаңдыққа, еңбек сүйгіштікке баулу.