Молықбай ата кім болған?
Дата: 20.05.2022 | |
Просмотры: 141 | Печать страницы |

Қобызшы, бақсы, ақын, жырау, композитор, кеңестік саяси қуғын-сүргін құрбаны болған, өнерпаздық, емшілік қасиеттері әкесінен дарыған Байсақұлы Молықбай атамыздың туғанына 165 жыл толуына орай 3-ші бөлімшедегі №7 кітапхана филиалында 2022 жылы 16 наурыз күні «Молықбай ата кім болған?» атты ақпарат сағаты өтті. Іс-шара барысында: кітапханашы К.Жұмаділқызы Молықбай қобызшы туралы кең көлемде мағұмат берді. Оның “Жезкиік”, “Бозінген”, “Аққу”, “Құдіреттің құсы”, “Желмая”, “Ақсақ құлан” күйлерін қобызға түсіріп елге таратқан. Кеңес заманында Қазақ елінде қалған жалғыз қобызшы. Сондай-ақ, Қорқыттың артында қалған өлмес мұрасының жалғастырушы. Мақсаты: тарихи тұлғаның артында қалдырған мұраларын көпшілік оқырман қауымға насихаттау.
Шараға 15 адам қатысты.
ttps://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1164712510957007&id=100022548073225