Мамандық таңдап көрейік
Дата: 19.05.2022 | |
Просмотры: 59 | Печать страницы |

Еңбек ауылдық №4 кітапхана филиалында 2022 жылдың мамыр айының 14 жұлдызында «Мамандық таңдап көрейік» атты дублер шоу №22 мектептің оқушылары арасында өтті. Кітапханашы Н.Албиланова балаларға, мамандық таңдау- тағдырыңды таңдау деген сөз екенін. Кейінгі өмірде өкінбейтіндей, өз қабілеті мен бейімділігіне сай кәсіп түрін таңдау… Бұл өте жауапкершілікті және маңызды іс болатынын. Мамандықты таңдау үшін, адам ең алдымен өзін, өз бейімділігін тануы қажет екенін айта отырып, көптеген қазіргі таңда қажеттілігі жоғары мамандықтарға тоқталып өтті. Мақсаты: оқушылардың өмір туралы, мамандықтар туралы көзқарасын дамыту, алдағы уақытта мамандық таңдауда дұрыс жолда болуына себепкер болу, таңдаған мамандығының өз бейімділігі мен қабілетіне сәйкес келуін нақтылау, өз-өзін танудың жалпы әзірлігін қалыптастыру.