Егемен ел қорғаны - Қарулы күштер
Дата: 18.05.2022 | |
Просмотры: 62 | Печать страницы |

Еңбек ауылдық №4 кітапхана филиалында мамыр айының6 жұлызында ҚР Қарулы күштерінің құрылғанына - 30 жыл толуына орай «Егеменді ел қорғаны – Қарулы күштер» атты танымдық сағат №22 мектептің оқушылары арасында өтті. Кітапханашы Н.Альбиланова балаларға ҚР Қарулы Күштерінің басты мақсаты – елдің егемендігін, аумағының тұтастығын, экономикасын, мемлекеттік институттары мен азаматтарын соғыс қатерінен қорғау, жаугершілік немесе әскери қақтығыстар туғызудың алдын алу екені туралы шағын мәлімет оқыды. Оқушылар тақпақтар оқыды, Отан, батырлар туралы мақал- мәтелдер айтты. Мақсаты: Балаларда Қазақстандағы Қарулы күштері туралы түсінік қалыптастыру, Әрбір азаматтың Отан алдындағы борышы және міндетін өтеу парыз екенін түсіндіру. ҚР - сының Қарулы Күшінің тарихи кезеңдерін білу. Қарулы күштердің мемлекетімізді сыртқы жаудан қорғау үшін қажет екенін түсіндіру;