"Менің елім, менің президентім"
Дата: 17.05.2022 | |
Просмотры: 54 | Печать страницы |
2022 жылдың 17 мамыр күні В.Маяковский атындағы қалалық орталық кітапханасының оқу залында «Айналайын» балалар үйінің тәрбиеленушілерімен Мемлекет Басшысының туған күніне орай «Менің елім, менің президентім» атты танымдық сағаты өткізілді. Мақсаты: оқушының бойына ұлттық рухты, патриоттық сезімді ұялату, туып өскен жерін, елін, Отанын перзенттік сезіммен шексіз сүйе білуге бағдар беру. Отан алдындағы борышын мақтаныш пен жеткізіп, сезіне біліу, ата-бабаларымыз мұра етіп қалдырған салт-дәстүрлерімізді қазақи дарқандылығымызды, қасиетті тілімізді қолдайтын ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу. Шараға 15 адам қатысты.