«Біз біргеміз бәріміз»
Дата: 13.05.2022 | |
Просмотры: 74 | Печать страницы |

Мүмкіндігі шектеулі балалардың көңіл күйін көтеру, балалардың икемділігін анықтап, қызығушылығын арттыру, есте сақтау мен сөйлеу қабілеттерін жетілдіру мақсатында қалалық орталық балалар кітапханасының жоғарғы сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімінде 2022 жылдың мамыр айының 13 – ші жұлдызында Талдықорған қаласының облыстық зерде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы мектеп – интернатының оқушылармен «Біз біргеміз бәріміз» атты ойын сабақ ұйымдастырылды. Сабақ барысында кітапханашылар Л.Дайрабаева мен М.Сапбек танымдық ойындар арқылы оқушылардың ойлауына, тілдерін дамытуға, шығармашылық әрекетін байытуға ықпал етті. Шараға 27 оқушы қатысты. https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1202784990483092&id=100022548073225 https://www.instagram.com/p/CdfQc7ptW2I/?igshid=YmMyMTA2M2Y=