Өлмейтұғын артында сөз қалдырған
Дата: 19.02.2020 | |
Просмотры: 112 | Печать страницы |

Биыл ұлы Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл толып отыр. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан»атты мақаласы аясында Учхоз (ЗВТ) № 8 кітапхана филиалында 2020 жылдың 19 ақпан күні «Өлмейтұғын артында сөз қалдырған» атты әдеби-сазды кеші көпшілік және мектеп оқушылары арасында өтті. Өлмейтұғын артына сөз қалдырған, – деп төрелігін өзі шешкен Абай бүгін жарқын бейнесімен де, жалынды жырымен де бізбен бірге 175 жыл бойы өмір сүріп келеді, мәңгі өмір сүре бермек! Кітапхана меңгерушісі А. Қадырова Абай Құнанбаев қазақ әдебиеті поэзиясындағы шоқтығы биік, дара да, дана тұлға. Абай қазақ поэзиясының өсіп, гүлденіп, жаңа сапаға жетуіне орасан зор еңбек еткені туралы, ақын жас ұрпаққа терең ойға толы алуан өлеңдер үлгісін қалдырғаны жайлы айтып өтті. Шара барысында №25 орта мектебінің 7- сынып оқушысы А. Қабден Абай атамыздың « Есіңде бар ма жас күнің» атты өлеңін жатқа айтып берді.Мақсаты:Оқушыларға ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, ақынның даналығын, рухани асыл-мұраларын насихаттап, өлеңдерін, әндерін мәнерлеп айтқызу.Көркем сөйлеуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге көмектесу.