Знаменательные даты

< >

Опросы

Как Вы оцениваете работу ЦБС?

Отлично
Хорошо
Удовлетворительно


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 300

"Жеңіс туы желбіресін мәңгілік"

Дата: 05.05.2022
Просмотры: 47 Печать страницы

Оқырмандарды адамгершілікке, отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру. Оларға патриоттық тәрбие беру.  Ұлы Отан соғысымен, қазақстандықтардың ерлік істерімен таныстырып, ой-өрісін дамыту. Үлкен адамдарды сыйлай білуге, оларды қадірлеуге тәрбиелеу мақсатында қалалық №2 кітапхана филиалы  мамыр айының  5-ші жұлдызында «Жеңіс туы желбіресін мәңгілік» атты кітап көрмесін ұйымдастырды. Шара барысында кітапхана қызметкері Д.Ускенбаева көрмеге шолу жасады.Соғыс тарихынан сыр шертетін кітап көрмесіне  кітаптар, фотоальбомдар, газет-журналдар мен суреттер қойылды. Атап айтқанда Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақстандықтардың үлесі, олардың ерліктері жайлы мәліметтер берілген «Жеңіс сарбазы», «Қазақ жауынгері Ұлы Отан соғысы майданында», Ә.Нұршайықовтың «Боздақтар», Б.Момышұлының «Алыстан сәлем жолдаймын»,   «Рейхстагқа ту тіккен Рақымжан Қошқарбаев естелік кітабы»  қойылды.

 Ұлы Отан соғысындағы майдангерлердің, тылда аянбай еңбек еткен азаматтардың бүгінгі ұрпаққа үлгі етерлік ерлігі тарихта өшпестей із қалдырып, халқымыздың жадында мәңгілік сақталады.

 

https://www.instagram.com/p/CdKtdXqtpdF/?igshid=YmMyMTA2M2Y=


 

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ