"Кітаппен дос бол"
Дата: 03.05.2022 | |
Просмотры: 53 | Печать страницы |

Кітап-рухани қазына, өмір айнасы, оқу-тәрбие құралы. Кітап-адам өмірінде аса маңызды рөл атқарады. Сондықтан 1995 жылдан бастап, « 23 сәуір - бүкіл дүниежүзілік кітап және авторлық құқықты қорғау күні» деп жарияланды. Осы мерекеге орай қалалық №2 кітапхана филиалы сәуір айының 22-ші жұлдызында «Кітаппен дос бол» атты кітап көрме жәрмеңкесін ұйымдастырды. Мақсаты: Көпшіліктің назарын оқуға, кітапқа аудару, оқырмандардың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыру. Оларға кітаптың жасалу жолы туралы түсінік беру.Зейінін шоғырландыру, шығармашылық қабілетін, тіл байлығын, ой-өрісін дамыту.Оқулықты құрметтей білуге, ұқыптылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
https://www.instagram.com/p/CcpY9sTtnQP/?igshid=YmMyMTA2M2Y=