«Наш любимый Айболит»
Дата: 20.04.2022 | |
Просмотры: 60 | Печать страницы |

Қалалық орталық балалар кітапханасы төменгі сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімі сәуір айының 19 – шы жұлдызында орыс жазушысы, әдебиеттанушы, аудармашы, балалар жазушысы Корней Иванович Чуковскийдің туғанына 140 жыл толуына орай «Наш любимый Айболит» атты ертегітерапия ұйымдастырды. Мақсаты: Көркем әдебиетке деген оқушылардың сүйспеншілігі мен қызығушылығын арттыру, әдеби кейіпкерлер дүниесімен тереңірек таныстыру, дүниетанымдарын кеңейту, ой – ұшқырлығына, білімпаздыққа, ұйымшылдыққа, ізденгіштікке, кішіпейілділікке, адамгершілікке тәрбилеу. Шара барысында кітапханашы Л.Дайрабаева оқушыларды К.И.Чуковскидің өмірбаянымен таныстырып, балалармен жазушының шығармалары бойынша викторина өткізді. Шараның соңында балалар өздерінің Корней Иванович Чуковскийді жақсы білетіндігін көрсетіп «Мойдодыр», «Айболит », «Телефон», «Муха – Цокотуха» ертегілерінің мазмұнын айтып берді. https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1186868902074701&id=100022548073225 https://www.instagram.com/p/CciTpcoNaI8/?igshid=YmMyMTA2M2Y=