"Ана-өмір шуағы"
Дата: 16.03.2022 | |
Просмотры: 58 | Печать страницы |

Барлығымыз асыға күткен көктемнің алғашқы күндерімен бірге 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні де келіп жетті. Бұл — бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеткен аналар мен нәзік жанды қыздар қауымының төл мерекесі.Осыған орай Талдықорған қалалық №2кітапхана филиалы наурыз айының 7-ші жұлдызында №5 мектептің 4-ші сынып оқушыларымен 8-наурыз халықаралық әйелдер күніне орай «Ана-өмір шуағы» атты өлең - жыр сағаты ұйымдастырылды. Шара барысында өлеңдер оқылып, ұл — қыздарымыз жүрекжарды тілектерін ұсынды. Мақсаты: Жас ұрпақ тәрбиесіне зор еңбек сіңіріп жүрген азаматшаларға құрмет көрсету, еңбектерін елеп – ескеру, мадақтау.Адамгершілік сезімдерін тәрбиелеу. Қазіргі қоғамдағы әйел – ананың рөлін айқындай түсу бағытында қыз балаларға рухани тәрбие беру, халқымыздың дәстүрлі құндылықтарын ұғындыру, білімге және өнерге ынталандыру
https://www.instagram.com/tv/Ca6K6viA6Y1/?utm_medium=copy_link
.