Знаменательные даты

< >

Опросы

Как Вы оцениваете работу ЦБС?

Отлично
Хорошо
Удовлетворительно


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 300

"Абай жолы-ұлы жазушының ұлы туындысы"

Дата: 18.02.2020
Просмотры: 215 Печать страницы

     Абай – қазақ поэзиясының тәңірі, құдіретті ақыны, қуатты таланты. Биылғы жылы ұлы Абайдың туғанына 175 жыл толып отыр. Осыған орай 2020 жылдың 18 ақпанында В.Маяковский атындағы қалалық орталық кітапханасында  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласы аясында «Абай жолы-ұлы жазушының ұлы туындысы» атты дөңгелек үстел өткізілді. Аталмыш шараға «Ардагер әжелер» ансамблінің белді мүшесі, әншісі, бишісі, Талдықорған қаласының құрметті азаматы - Шара Бүркеқызы, Талдықорған қаласының  Жоғарғы  Политехникалық колледжінің қазақ тілі  және орыс тілі пәнінің оқытушысы,  Жоғарғы политехникалық колледжінің білімгерлері, №14  орта мектеп  гимназиясының    мұғалімі   Игисинова  Жанар  Майлыбайқызы,  № 14 орта мектеп гимназиясының 6 В     кадет сыныбының оқушылары,  Талдықорған қаласының спорт интернат колледжінің  оқушылары қатысты. Шара шымылдығын Талдықорған әуендерінің әншілері Арай мен Марал «Көзімнің қарасы» атты өлеңімен ашты. Есболатова  Зәмзәгүл  Данабекқызы Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығы жайлы баяндады, Шара Бүркеқызы «Қараңғы түнде тау қалғып» әнін шырқап, Абайдың аудармалары жайлы қызықты мәліметтермен бөлісті.  Сондай-ақ кадет сыныбының мұғалімі Жанар Майлыбайқызы сөз алып, оқушылар дайындаған  «желсіз түнде жарық - ай» әнін, Абай атамыздың өлеңдерін, және «он жетінші қара сөзіне» қойылым қойды. Кітапхана оқырманы Колчимбаева Адия «Ғылым таппай мақтанба» атты өлеңін мәнерлеп оқыса, Саз колледжінің білімгері Серікханқызы Айбота «Сегіз аяқ» өлеңін орындады. Шара соңында  белсене қатысқан білімгерлер мен оқушылар алғыс хаттар марапатталып,  келген қатысушылар кітапхана ұжымына алғыстарын білдірді. 

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ