Знаменательные даты

< >

Опросы

Посещает ли Ваш ребенок библиотеку?

Да
Нет
Хочет записаться


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 256

Шығыстың ғұлама ойшылы – Әбу Насыр әл-Фараби

Дата: 18.02.2020
Просмотры: 208 Печать страницы
Шығыстың ғұлама ойшылы – Әбу Насыр әл-Фараби

Биылғы мерейтой иесі, әлемге әйгілі ғалым, энциклопедист, ойшыл, философ, социолог, астроном, математик, ботаник, физик, әрі музыка саласын зерттеген Әбу Насыр әл-Фарабидің туғанына 1150 жыл толуына орай 3-ші бөлімшедегі №7 кітапхана филиалында 2020 жылы 18 ақпан күні «Шығыстың ғұлама ойшылы-Әбу Насыр әл-Фараби» атты тарихи круиз өтті. Шара барысында кітапханашы К.Табылдинова тарихымыздағы ұлы тұлғалардың бірі, ислам дүниесінің ең ірі, атағы әлемге жайылған ғұлама философы, Аристолельден кейінгі «Екінші ұстаз» атанған, Батыс пен Шығысты білімімен бас идірген Әбу Насыр әл-Фарабидің өмірі мен еңбек жолынан кең көлемде мағлұмат берді. Сондай-ақ, «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары жайлы трактат», «Бақытқа жол сілтеу» атты еңбегінде көтерілген мәселелерге де тоқталып өтті. Сонмен қатар мектеп оқушылары әл-Фараби атамыздың өлеңдерін мәнерлеп жатқа айтып, осы шара аясында қойылған сұрақтарға тұжырымды жауап берді. Мақсаты: көрнекті ойшыл, өзінің замандастарының арасындағы ең ірі ғалым, ғұлама ғалымның әл-Фарабидің бай мұрасын өскелең ұрпаққа насихаттау, ой-өрісін дамыту, көркем әдеби тілде сөйлеу дағдысын жетілдіру, негізгі ойларын өз сөздерімен жеткізе білуге жетелеу. Рухани байлығын ізгілендіріп, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, өзгенің пікірін сыйлауға үйрету, оқушылардың бойынан туған жерге, еліне деген сүйіспеншілікті оятып, достық пен сыйласымдылық сезімдерін қадірлей білуге баулу. Шара соңында «Шығыстың ғұлама ғалымы» атты кітап көрмесі ұйымдастырды. Кітап көрмесіне орта ғасырлық ұлы ойшылдың шығармалары, философиялық таңдамалы трактаттары, сондай-ақ ғалым жайлы жазылған әдебиеттер қойылып, библиографиялық шолу жасалды

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ