КОВОРКИНГ
Дата: 16.02.2022 | |
Просмотры: 73 | Печать страницы |

Құрметті оқырмандар! В.Маяковский атындағы қалалық орталық кітапханасы «Алау» коворкинг орталығына шақырады! Коворкинг деген не? Ағылшын тілінен аударғанда - бірге жұмыс істеу. Кітапханадағы коворкинг орталығын коммуникативтік алаң деп айтуға болады. Бұл жерде достарыңызбен бос уақытты бірге өткізіп, көптеген қызықты іс-шараларға: акциялар, мерекелер, шығармашылық кездесулер, шеберлік кластар, зияткерлік ойындарға және т.б. шараларға қатыса аласыз. Сондай-ақ, бұл өте маңызды - кітапхана ресурстарын: кітаптар, мерзімді басылымдар, аудио, бейне, ойындар пайдалану мүмкіндігіңіз бар.