Ескелді би - тарихи тұлға
Дата: 16.02.2022 | |
Просмотры: 52 | Печать страницы |

2022 жылдың 3 ақпан күні «Талдықорған қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне» қарасты Еркін ауылдық № 3 кітапхана филиалында «Рухани жаңғыру» мақаласына орай «Ұлы даланың ұлы есімдері» жобасы аясында кітапхана оқырмандарымен Ескелді бидің 330 жылдығына орай «Ескелді би – тарихи тұлға» атты тарихи сағаты өткізілді.
Мақсаты: Оқырмандарға туған елінің тарихын, әдеби, мәдени мұрасын, салт – дәстүрін танып білуге ынта- ықыласын арттыру. Сөз қадірін түсінуге тәрбилеу. Артта қалған естелікті барлығымыз білуге міндеттіміз. Отанымыздың тарихында көптеген атақты және Ұлы есімдімдер бар, олардың беделі бүкіл халықты жаумен күреске шығарған, шығармашылықтары мен парасаттылықтары ұрпақтан ұрпаққа өнеге болған, халық данқына бөленген. Артта қалған естеліктің ізінде ата-бабаларымыздың тамыры мен тарихы терең, білімі, өнері мәңгі өшпес. Болашақ ұрпақ өзінің тарихын білгені, түсінгені, құрметтеуі абзал.