"Жемқорлық індет ,күресу міндет"
Дата: 11.02.2022 | |
Просмотры: 62 | Печать страницы |

“Сыбайлас-жемқорлық” деген ұғымды түсіндіріп, пайда болу жағдайлары жайлы түсінік қалыптастыру. Қоғамның әр-түрлі орталарындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын – алу, профилактикалық жұмыстарын насихаттау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдарды негізге ала отырып, құқықтық мағлұмат беру,білімдерін дағдыландыру. Саяси өмірден хабардар жеке тұлғаны қалыптастыра отырып, оқырмандардың еркін сөйлеуіне, қоғамға деген өз ой - пікірлерімен санасуға жағдай жасау, Қазақстан Республикасына адал қызмет етуге, Ата заңды құрметтеуге, адамгершілікке тәрбиелеу мақсатында ақпан айының 11-ші жұлдызында Талдықорған қаласының №2 кітапхана филиалы Заң колледжінің 3-ші курс студенттерімен Парасат жолы орталығының « Адалдық алаңы» жобасы аясында «Жемқорлық індет,күресу міндет» тақырыбында ақпарат сағатын ұйымдастырды.
https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1143150363113222&id=100022548073225