«Мақтан тұтар ұлы тұлға»
Дата: 04.02.2022 | |
Просмотры: 66 | Печать страницы |

Қалалық орталық балалар кітапханасының жоғарғы сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімі 2022 жылдың қаңтар айының 24-ші жұлдызында оқырмандар назарына көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Д.А.Қонаевтың туғанына 110 жыл толуына орай «Мақтан тұтар ұлы тұлға» атты онлайн ақпарат ұйымдастырды. Мақсаты: Аса көрнекті қоғам қайраткері, бір туар тұлға Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев туралы түсініктерін кеңейту, ел үшін еңбек етуге, халқына адал болуға, ұлы тұлғаның ерліктері арқылы оқырмандарды ұлтжандылыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу. Ақпарат беру барысында кітапханашы М.Сапбек оқырмандарға Д.А.Қонаевтың өмір жолымен, еңбектерімен таныстырып өтті.
https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1132145520880373&id=100022548073225 https://www.instagram.com/tv/CZJWTCklygW/?utm_medium=copy_link