Знаменательные даты

< >

Опросы

Как Вы оцениваете работу ЦБС?

Отлично
Хорошо
Удовлетворительно


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 300

Табиғатты қорғау – болашақты ойлау

Дата: 14.02.2020
Просмотры: 217 Печать страницы
Табиғатты қорғау – болашақты ойлау

Қалалық №2 кітапхана филиалы «Табиғатты қорғау – болашақты ойлау» деген тақырыпта 14 ақпан күні  экологиялық сағат өкізді. Шара  қаламыздағы № 25 мектептің 5ә сынып оқушыларының қатысуымен  өтті.  Елімізде табиғи ортаны қорғау және  табиғат байлықтарын тиімді пайдалану мәселесіне ерекше көңіл бөліп  келеді. Шара барысында оқушылар табиғат тамашаларына арнап жазылған өлең шумақтарын  оқып, мақал – мәтелдер, жұмбақтар, нақыл  сөздер айтып шараның әсерлі де, тартымды өтуіне өз үлестерін қосты.

   Мақсаты: Жасөспірімдерге экологиялық тәрбие беру арқылы олардың дүниетанымын және табиғатты қорғай алатын, адамгершілігі мол, ізгілікті, мәдениетті ұрпақ тәрбиелеу. Қоршаған ортаға деген сүіспеншіліктерін арттыру, туған өлкесінің  табиғатын қорғай білуге,  оған қамқорлық жасауға, мейірімділікпен қарауға баулу.  Жасөспірімдерді мақал – мәтел, жұмбақ, нақыл сөздер, тақпақтар айтқызу арқылы Отанға, туған жерге,  елге, табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ