"Мейірім шуағы"
Дата: 04.02.2022 | |
Просмотры: 58 | Печать страницы |

Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік психологиялық бейімдеу арқылы заман талабына сай білім беріп қана қоймай, тәрбиелеп, оларды қоғам өміріне өз пайдасын тигізуге қабілетті тұлға ретінде қалыптастыру. Өзге азаматтармен тең құқылы түрде ақпарат алуына, бос уақыттарын тиімді ұйымдастыруға, оқуға деген құштарлықтарын оятуға ықпал ету, көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, рухани демеу көрсету, кітапханамен дос болуға шақыру мақсатында қалалық орталық балалар кітапханасының кітапханашысы Д. Ускенбаева қаламыздың Байсейітова көшесінде тұратын мүмкіндігі шектеулі 1-ші топтағы мүгедек Хапезова Айгерімді өз қамқорлығына алып , оның сұранысы бойынша үйіне түрлі түсті қызықты кітаптар мен журналдар апарып берді.