"Бала деп соққан жүрегі"
Дата: 19.01.2022 | |
Просмотры: 63 | Печать страницы |

Қалалық орталық балалар кітапханасы төменгі сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімі қаңтар айының 19-шы жұлдызында әлемге әйгілі қонжық Винни және оның достары туралы әңгімелер авторы, британдық жазушысы Алан Александр Милннің туғанына 140 жыл толуына орай «Бала деп соққан жүрегі» атты әдеби тығылмақ ұйымдастырды. Мақсаты: Балаларға ертегіні көңілді қабылдауға үйрету, сахналап беруге талпындыру, кейіпкердің мінез - құлқын сезіндіру, есте сақтау қабілеттерін қалыптастыру. Ойлау, есте сақтау, еске түсіру қабілеттерін ауызекі сөйлеу тілін дамыту. Адам бойына жат қасиет тілазарлықтан аулақ болып, кешірімді болуға тәрбиелеу. Ертегі туралы әңгімелеу. Шара барысында кітапханашы Л.Дайрабаева оқушыға А.А Милнің «Винни и все,все,все» атты ұмыт бола бастаған кітабын ұсынды.
<iframe src="https://www.facebook.com/plugins/post.php?href=https%3A%2F%2Fwww.facebook.com%2Fpermalink.php%3Fstory_fbid%3D1128287161266209%26id%3D100022548073225&show_text=true&width=500" width="500" height="742" style="border:none;overflow:hidden" scrolling="no" frameborder="0" allowfullscreen="true" allow="autoplay; clipboard-write; encrypted-media; picture-in-picture; web-share"></iframe>