ҒАСЫР БҰЛБҰЛЫ – КҮЛӘШ
Дата: 13.01.2022 | |
Просмотры: 52 | Печать страницы |

Биыл Шығыс бұлбұлы атанған ұлы актриса Күләш Жасынқызы Байсейітованың туғанына 100 жыл. Жақсы - елге ортақ. Иісі қазаққа мақтан болған әнші-актрисаның туған жері, туған күні ел аузында, құжаттарында әртүрлі болып қалғандықтан жақсыға әркім талас дегендей, қазақтың даласында туса да, кіндік қаны тамған жері ашық бұрмалануда. Бұл да кезіндегі саясаттың әсерінен туған жағдай. 24 жасында қазақ деген халықтың даңқын Мәскеу сахнасында көтеріп, оның мәдениетін, дарынын танытқан әнші-актриса қайткенде астанада - Алматыда туып-өскен болуы керек болған. Оның ауылдан шыққанын ол кезде олқы санаған. Күләш Жасынқызының шыққан тегін ашып айтсақ, оның туған жері де даусыз болады. ХVIII ғасырдан Қараменде би бастап Солтүстік Балқаш өңірін мекен еткен Дадан Тобықтының Манас атасынан тараған Мандардан Қара туады. Қарадан - Айқожа, одан Мәмбет, Бейіс, Уәли. Бейістен: Жасын, Қасымбек, Разбек, Айтбек. Жасыннан: Тұрсын, Күләш, Райхан, Хамза (екінші әйелінен туған)https://www.facebook.com/100022548073225/videos/304723618251679/