"Мәңгі болсын тәуелсіздік тұғыры"
Дата: 15.12.2021 | |
Просмотры: 47 | Печать страницы |

Өтенай ауылдық №5 кітапхана филиалында 14 желтоқсан күні Қазақтан Республикасының Тәуелсіздігініге 30 жыл толуына орай ұйымдастырылған «Мәңгі болсын тәуелсіздік тұғыры» деген атпен тарихи сағат өтті.
Шараға арнайы кітапхананың тұрақты оқырмандары, зейнеткер ұстаз, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Қыдыралыұлы Нұртай ата және ардақты ана, мәдениет саласында көп жылдар еңбек еткен, әжелер ансамбілінің жетекшісі, кітапхананың тұрақты оқырманы- Иешева Гүлшекер апай шақырылды. Шара барысында қонақтар тәуелсіздіктің өткен тарихына, қазіргі кездегі жеткен жетістіктері туралы айтып, жастарды жақсы оқып, білімді болуға шақырды.
Шараның мақсаты: Тәуелсіздік ұғымын түсіндіру.жастарды Отанды, елді, жерді сүюге, туған ел тарихын білуге, еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге тәрбиелеу.