Тәуелсіздік қазақстан
Дата: 10.12.2021 | |
Просмотры: 47 | Печать страницы |

Мойнақ ауылдық №6 кітапхана филиалында 2021жылы «Тәуелсіздік қазақстан» атты строителлниг 9 желтоқсан күні мектеп оқушыларымен өткізілді. 16 желтоқсан ата–бабамыздың арманы орындалып, жасампаздығымызды жаңа белеске көтерген Тәуелсіздік күні.1991 жылғы 16 желтоқсанда Президент Нұрсұлтан Назарбаев қол қойған Конституциялық Заңнан бастау алған тәуелсіздігімізге 30 жыл толды.Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанның бүгінгі құдіретті күші ел бірлігінде,ұлттар татулығында жатыр.Қазақстан үшін XXI ғасыр тарихының парағы парасат пен пайымға толы. Біздің стратегиялық міндетіміз ең бірінші тұрғындардың өмірінің сапасы мен тұрмыстық деңгейі көтеру болып табылады.Шараның мақсаты: Оқушыларды еліміздің тәуелсіздік алған жылдар ішіндегі жеткен жеңістіктерімен таныстыру,әлем таныған ел екенін дәлелдеу,білімдерін кеңейту.Болашақ ұрпақтың рухани тұлғалық және адамгершілік құндылықтарын дамыту.Отанын сүюге,ел тарихын білуге,еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге,отанымыздың байлығын қорғауға,елімізді өркендетуге білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу.