"Тәуелсіздік-теңдесі жоқ байлығым"
Дата: 09.12.2021 | |
Просмотры: 51 | Печать страницы |

Тәуелсіздік – бабалар аңсауы, ұрпақтың қолы жеткен киелі кезең. Тәуелсіздік – таңбасы таста, қаны қара жердің тамырында жатқан құдіретті сөз. Биыл еліміз тәуелсіздіктің бесігінде тербелгелі 30 жыл толып отыр. Осыған байланысты 2021 жылдың 9 желтоқсан күні В.Маяковский атындағы қалалық орталық кітапхананың оқу залында мектеп оқушыларының қатысуымен «Тәуелсіздік-теңдесі жоқ байлығым!» атты тарихи сағат өткізілді. Мақсаты: оқушыларды өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін арттыру, мемлекетіміздің рәміздерін қастерлеуге, ұлттық сананы бойына сіңіріп, оны жалғастырушы болып өсуге тәрбиелеу, ұрпақтан ұрпаққа жалғасып, ел арасында сақталып келе жатқан халық мұрасы бойынша оқушыларды имандылыққа, қайырымдылыққа, бірлікке тәрбиелеу, адамгершілік сезімін арттыруға, желтоқсандықтарға әрдайым құрмет көрсетуге, әділеттілікке, ел мен жердің қадір қасиетін ұғынуға тәрбиелеу. Шара барысында оқушыларға «Тәуелсіздікке» байланысты түрлі ақпараттар беріліп, слайд көрсетілді. Тәуелсіздік – бабалар аңсауы, ұрпақтың қолы жеткен киелі кезең. Тәуелсіздік – таңбасы таста, қаны қара жердің тамырында жатқан құдіретті сөз. Биыл еліміз тәуелсіздіктің бесігінде тербелгелі 30 жыл толып отыр. Осыған байланысты 2021 жылдың 9 желтоқсан күні В.Маяковский атындағы қалалық орталық кітапхананың оқу залында мектеп оқушыларының қатысуымен «Тәуелсіздік-теңдесі жоқ байлығым!» атты тарихи сағат өткізілді. Мақсаты: оқушыларды өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін арттыру, мемлекетіміздің рәміздерін қастерлеуге, ұлттық сананы бойына сіңіріп, оны жалғастырушы болып өсуге тәрбиелеу, ұрпақтан ұрпаққа жалғасып, ел арасында сақталып келе жатқан халық мұрасы бойынша оқушыларды имандылыққа, қайырымдылыққа, бірлікке тәрбиелеу, адамгершілік сезімін арттыруға, желтоқсандықтарға әрдайым құрмет көрсетуге, әділеттілікке, ел мен жердің қадір қасиетін ұғынуға тәрбиелеу. Шара барысында оқушыларға «Тәуелсіздікке» байланысты түрлі ақпараттар беріліп, слайд көрсетілді.