Спид ғасыр уы
Дата: 08.12.2021 | |
Просмотры: 46 | Печать страницы |

Еңбек ауылдық №4 кітапхана филиалында желтоқсан айының 2-ші жұлдызында, «Спид ғасыр уы» атты шок-урок №22 мектептің 7-8 сынып оқушыларымен өткізілді. Кітапханашы Н.Альбиланова ХХІ ғасырда қоғам тек адамдар тобынан ғана емес, сонымен бірге денсаулығы мықты , рухани дүниесі бай, жаны мен тәні кіршіксіз таза , танымдық белсенділігі мен өздігінен білім алуға деген ынтасы мен шығармашылық қабілеті ерекше тұлғалардан тұруы тиіс. Олай болса, біз «Салауатты өмір салтын » насихаттау, келеңсіз жағдайлардың алдын алып, «ХХІ ғасыр – салауатты қоғам ғасырын» құруымыз керек екендігін айтты. Мақсаты: Оқушыларды салауатты өмір сүре білуге тәрбиелеу, шылым шегудің, ішімдіктің, нашақорлықтың, СПИД-тің адам ағзасына зиянды әсерлерін ашып көрсету, солардың салдарынан туатын аурулар туралы оқушылардың білімдерін жетілдіру, олардың сана – сезімдерін тәрбиелеу және салауатты өмір сүруге азаматты жауапкершіліктерін орнықтыру.