"Абай мұрасы - халық мұрасы" әдеби лото
Дата: 14.02.2020 | |
Просмотры: 344 | Печать страницы |

Еңбек ауылдық №4 кітапхана филиалы 2020 жылдың 12 жұлдызында №22 мектептің 9 сынып оқушылары арасында «Абай мұрасы – халық қазынасы» атты әдеби лото өткізді. Мақсаты: Оқушыларды ұлы кемеңгер ақын Абай Құнанбаев шығармаларымен таныстыру. Ақынның өлеңдері мен қарасөздерін оқыту арқылы адамгершілікке, еңбекқорлыққа, адалдыққа баулу. Шарада Абайдың өмірі ен шығармашылығынан мәлімет берілді. Абайдың тақпақтары мен қара сөздері оқылды. Абайдың өмірі мен шығарпмашылығына арналған сұрақтарға жауаптар берілді. Шара Абайдың «Көзімнің қарасы» әнін хормен айтумен аяқталды.