"Спорт сенің серігің-саулығың мен сенімің"
Дата: 17.11.2021 | |
Просмотры: 64 | Печать страницы |

Өтенай ауылдық №5 кітапхана филиалында балалардың денсаулығын нығайтуға, спортқа деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында 16-қараша күні кітапханада «Спорт сенің серігің-саулығың мен сенімің» атты әңгіме сағаты өтті. Онда оқушыларға спорттың адам денсаулығына пайдасы жайында, спорттық ойындардың түрлері жайлы айтылды.