Ыбырай Алтынсарин – ұлы тұлға
Дата: 17.11.2021 | |
Просмотры: 57 | Печать страницы |

Қазақтың аса көрнекті ағартушы педагогы, жазушы, этнограф фольклоршы, қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсариннің туғанына биыл 180 жыл. Ұлымызды ұлықтау мақсатында 2021 жылғы 2 қараша күні Учхоз (ЗВТ) №8 кітапхана филиалында «Ыбырай Алтынсарин – ұлы тұлға» атты тұлғалық кеші мектеп оқушыларымен өтті. Іс-шара өту барысында №27 орта мектеп-гимназиясының 10 сынып оқушысы Сыдық Аяулым «Өнер-білім бар жұрттар», 27 орта мектеп-гимназиясының 8 сынып оқушысы Жәнібек Мерей «Әй, достарым» атты өлең шумақтарын жатқа айтып берді. Мақсаты: Ұлы ағартушы Ы.Алтынсариннің өмірбаянымен, әдеби, педагогикалық шығармашылығымен таныстыру, олардың жазушы, ұстаз туралы түсініктерін кеңейту, сыни тұрғыдан ойландыру арқылы түйінді ой айта білуге, өзіндік пікірін қалыптастыруға дағдыландыру және сөйлеу мәдениетін жетілдіру. Оқушыларды талаптылыққа, білімпаздыққа, еңбексүйгіштікке, әдептілікке тәрбиелеу.