Ауған соғысы - қасірет соғысы
Дата: 13.02.2020 | |
Просмотры: 177 | Печать страницы |

Биыл КСРО әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 31 жыл толып отыр. Осыған орай 2020 жылыдың 13 ақпан күні Учхоз (ЗВТ) № 8 кітапхана филиалында «Ауған соғысы – қасірет соғысы» атты еске алу кеші, көпшілік оқырман арасында өтті. Шараға ауыл тұрғындары және мектеп оқушылары қатысты. Шара барысында: Ауған соғысында қайтыс болған боздақтардың рухы 1 минут үнсіздікпен еске алынды. Сондай- ақ, кітапхана меңгерушісі А.Қадырова Отан үшін жанын берген қаһармандардың есімдері Даңқ мемориалдарында, ескерткіштер мен атаулы қабірлер тақталарында мәңгі өшпейтін алтын әріптермен жазылғаны, олардың ерен ерліктері еш уақытта ұмытылмайтыны туралы, Ауған соғысы он екіде бір гүлі ашылмаған боздақтардың қанымен жазылған тарих деп біледі кейінгі жас буын өкілдері дей келе, жылдар жылжып өткенімен, ерлікпен қаза тапқан ержүрек жауынгерлеріміздің ерлігі ел есінде мәңгі сақталады деп тоқталып өтті. Мақсаты: Ауған соғысының тарихи мағынасын ашып, көпшілікке түсіндіру. “Ауған соғысы”жайлы тереңірек біліп тану, соғыс ардагерлері туралы мәлімет беру.Тарихи деректердің маңыздысын аша білу. Ауған соғысының ардагерлерін құрметтеу, жас ұрпақтың патриоттық сезімдерін оятып, Отан үшін отқа түсіп қыршынынан қиылған, жат жерде көз жұмған Қазақстан азаматтарын еске алу, жауынгерлердің қысқа ғұмырынан үлгі-өнеге, тарихи тағылым беру, елжандылыққа, отансүйгіштікке, ізгілікке баули отырып тәрбие беру.