«Күз әлеміне саяхат»
Дата: 11.11.2021 | |
Просмотры: 58 | Печать страницы |

Қалалық орталық балалар кітапханасының төменгі сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімі қараша айының 5-ші жұлдызында «Күз әлеміне саяхат» атты кітап көрме инсталляциясын ұйымдастырды. Мақсаты: табиғаттың күз мезгіліндегі өзгерістері жайлы балалардың білімдерін кеңейту, күз мерекесі берекелі екенін айтып, түсінік беру. Балаларды еңбекқорлыққа тәрбилеу. Инсталляцияны таныстыру барысында кітапханашы Л.Дайрабаева оқырмандарға табиғи материалдардан жасалған көрме жұмыстарын ұсынып, күзгі жапырақтардан қолөнер жасауға болатынын айтып өтті. Шара соңында оқырмандар күз мезгіліне арналған өлеңдерін оқыды.
https://www.instagram.com/tv/CV2_2WyAmZv/?utm_medium=copy_link