"Кітапханаға кітап сыйла" акциясы
Дата: 11.11.2021 | |
Просмотры: 61 | Печать страницы |

Кітап оқу мен кітапханаларды қолдау – қоғам дамуының басты міндеттерінің бірі. Осыған орай Өтенай ауылдық №5 кітапхана филиалы «Кітапханаға кітап сыйла!» акциясын ұйымдастыруды жалғастырып келеді. Мұндағы мақсат – халықтың рухани байлығын дамытып, кітапхананың кітап қорын түрлі әдебиеттермен толықтыру,оқырман мен кітапхана арасын нығайту, кітап оқу мәдениетін қалыптастыру. Акция аясында ауылымыздың тұрғыны, кітапхананың тұрақты оқырманы Қыдыралыұлы Нұртай ата кітап қорына 12 кітап тарту етті. Атап айтсақ: Ж. Елшібек «Уақыт-сынап», Ұ.Доспанбетов «Ғарыш әні», С.Мұқанов «Ботагөз», Қ.Исабаев «Серт», «Русские богатыри» т.б кітаптар.
https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=1071313756963550&id=100022548073225&__cft__[0]=AZX0RH6rXN09FRpBvgWdKkWkdCJ3eEcB85v1jzy7OVyRUiSGdOa3ZJBLbYOk7TyMaP_Wlhy-fYE2-s6RYlB1FxxJYmIUlqq_6ZuFe5mCGpR-2boWkGLG1983th3qLU77UlU&__tn__=%2CO%2CP-R