Әлемнің екінші ұстазы
Дата: 13.02.2020 | |
Просмотры: 158 | Печать страницы |

Өтенай ауылдық №5 кітапхана филиалында 13 ақпан күні кітапхана оқырмандары арасында «Данышпандықтың інжу-маржаны» атты танымдық сағат «Әлемнің екінші ұстазы» атанған Әбу- Насыр Әл-Фарабидің туғанына 1150 жылдығына орай өткізілді.
Мақсаты: оқушылардың ғұлама ойшыл Әбу Насыр әл-Фараби туралы білімдерін толықтыру, әр түрлі салада өз ізін қалдырған ірі тұлға ретінде таныстыру. Шара барысында ғұламаның өмірі мен шығармашылығына кеңінен тоқталып өттік. Ол өз заманындағы ең ірі ғалым, философ және шығыс аристотелизмнің ең ірі өкілі екендігі, шығармашылық мұрасы 150 ге жуық философиялық және ғылыми трактаттардан тұратындығы, сонымен қатар айналысқан ғылымдары философия мен логика, саясат пен этика, музыка мен астрономия болғандығына тоқталдық. Оның еңбектеріне библиографиялық шолу жасалды. Шараға 25 оқушы қатысты.