Знаменательные даты

< >

Опросы

Как Вы оцениваете работу ЦБС?

Отлично
Хорошо
Удовлетворительно


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 300

"Аққуды күймен тербеткен"

Дата: 12.02.2020
Просмотры: 245 Печать страницы

2020 жылдың  12 ақпан күні В. Маяковский атындағы қалалық орталық кітапхананың «Алау» коворкинг орталығында Талдықорған қаласының спорт-интернат мектеп оқушыларының қатысуымен қазақтың  музыкалық  мәдениетіне  өшпес  із қалдырған композитор, күйші, орындаушы,  домбырашы  Нұрғиса Тілендиевтің  95 жыл толуына орай «Аққуды күймен тербеткен» атты өнер сағаты өткізілді. Шарада бөлім меңгерушісі А.Егізтаева композитордың өмірі мен шығармашылығы жайлы баяндап, бейнероликтер көрсетті. Сондай-ақ, шараға «Ардагер әжелер» ансамблінің белді мүшесі, әншісі, бишісі, Талдықорған қаласының құрметті азаматы - Шара Бүркеқызы қатысып, Н.Тілендиевтің «Құстар қайтып барады», «Есіңе мені алғайсың» атты өлеңдерін шырқап, күйші жайлы қызықты деректермен бөлісті. Ал  №14 мектептің оқушылары: Ахматуллина Аделя және Аудыжанова Аида «Ата толғауы» мен «Аққу» күйін көрермен назарына ұсынды.  Шара оқушыларды ұлы композитордың өмірімен, өнерімен таныстыру, композитор жайлы білімдерін кеңейту,  қазақ халқының мәдени-рухани шежіресі төл музыкасына, күй өнеріне деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында өткізілді.  

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ