Сыбайлас жемқорлық және қоғам
Дата: 21.10.2021 | |
Просмотры: 59 | Печать страницы |

Қазіргі таңдағы мәселелердің бірі-қоғамдағы сыбайлас жемқорлық. Осы келеңсіз құбылыстың үдеп бара жатқаны ұрпақ тәрбиесіне зиян әкелетіні бәрімізді алаңдатады. Сыбайлас жемқорлық ел болашағына, ұлттық қауіпсіздікке үлкен зиянын тигізуде. Осы келеңсіз құбылыспен күресу барша халықтың алдында тұрған ортақ мәселе екені айқын.
"Парасат жолы" орталығының "Адалдық алаңы" жобасы аясында
сыбайлас жемқорлықпен күресті жүзеге асыру мақсатында 3-ші бөлімшедегі №7 кітапхана филиалының ұйымдастыруымен 2021 жылы 20 қазан күні ауыл тұрғындары мен студенттердің қатысуымен «Сыбайлас жемқорлық және қоғам» атты ақпарат сағаты өтті. Іс-шара барысында: кітапханашы К.Табылдинова сыбайлас жемқорлық-заман ағысымен бірге өсіп-өркендеп, мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған кеселдің бірі. Әлемдегі барлық елдердің қай-қайсысын да қатты алаңдатып отырғаны анық. Бұрынғы өткен ата-бабаларымыз да дөп басып «тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деген. Олардың әділдік пен турашылдықты ту еткендігін ғасыр қайраткерлері Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би және тағы да басқа біртуар билер мен шешендердің өмірі дәлел болатындығын біз тарихтан жақсы білеміз. Мақсаты: Сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы деп білу керек.
https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1070219770406282&id=100022548073225