"Бар болғаны он төрт жас"
Дата: 19.10.2021 | |
Просмотры: 97 | Печать страницы |

«2021 Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылы» аясында қалалық орталық балалар кітапханасы төменгі сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімі қазан айының 14 – ші жұлдызында жазушы Мәди Аймбетовтің "Бар болғаны он төрт жас" атты дауыстап оқу ұйымдастырды. Мақсаты: кітап туралы ақпарат беріп, Мәди Айымбетовтың өмірі мен шығармашылығын оқырман назарына ұсыну. Шараның барысында кітапханашы Д.Ускенбаева окушыларға Мәди Айымбетовтың өмірбаянымен таныстарып "Бар болғаны он төрт жас" повесін дауыстап оқып берді. Шараға Мәди Айымбетовтың шығармаларына арналған кітап көрме ұйымдастырылып, кітапханашы Л.Дайрабаева таңдаулы автордың кітаптары туралы ақпарат беріп, жазушының шығармаларын оқырмандарға ұсынды. Шараның соңында оқушылар кітапханаға жазылып, Мәди Айымбетовтың өмірінен жазылған повестер мен әңгімелерді оқуға алды. https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1065868450841414&id=100022548073225 https://www.instagram.com/tv/CU_ZnZ3qpuQ/?utm_medium=copy_link