«Жерден – нәр, ауадан – дауа, судан - күш»
Дата: 11.02.2020 | |
Просмотры: 182 | Печать страницы |

Табиғатты аялап қорғауға.қамқорлық жасауға тәрбиелеу. Балалардың табиғатқа,туған жерге,қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін арттыру. Қоғамның экологиялық мәселері жөнінде мәлімет беру, қоршаған ортаның экологиялық жағдайы жайлы білімін тереңдету, кеңейту.Қоршаған ортаның ластануы мен қоғамның экологиялық мәселесі туралы білімін бекіту, тереңдету. Экологиялық мәселелер сұрақтарын шешу бойынша оқушылардың адамгершілік, азаматтық ұстанымы мен экологиялық мәдениетін қалыптастыру мақсатында 11 ақпан күні орталық балалар кітапханасында коворкинг орталығында «Жерден – нәр, ауадан – дауа, судан - күш» атты экологиялық сабақ өтті. Кітапханашы Дайрабаева Л оқушыларға жер бетіндегі тіршілік атаулының негізгі қайнар көзі күн, жер,су және ауа жайлы түсінік берді. Су туралы және судың қажеттілігін, оның адамның, құстың, жануарлар мен өсімдіктердің тіршілігіндегі маңызы туралы атап өтті. Күн және ауа табиғат сыйы оны қорғауға, гүлдер мен ағаштарды көп отырғызып, оларды күтіп баптауға, қамқорлықпен қарауға шақырды. Шарада «Табиғатқа табын,Адам!» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жүргізілді.