Қашықтан оқу
Дата: 14.10.2021 | |
Просмотры: 47 | Печать страницы |

#онлайнкітапхана
Құрметті оқырмандар!
Қазақтың ұлы ақын, аудармашы, драматург, Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Ғасыр ақыны» атағының иегері Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаевтың туғанына 90 жыл толуына орай 3-ші бөлімшедегі №7 кітапхана филиалының ұйымдастыруымен 2021 жылы 19 тамыз күні Рахымбек Айжауһар Жанатқызы Мұқағали Мақатаевтың «Пай, пай, Өмір!» атты өлеңін мәнерлеп жатқа оқыды. Мақсаты:Оқушыларды қазақтың лирик, мұзбалақ ақыны, өз заманында лайық бағасын ала алмаса да өзінен кейінгілер үшін мәртебесі биік ақиық ақын атанған Мұқағали Мақатаевтың шығармаларымен таныстыру, халқына қалдырған шоқтығы биік туындыларына шәкірт жүрегінде сүйіспеншілік сезімін ояту, құрметтеуге тәрбиелеу. Ақын мұрасы, маржан поэзиясы – мәңгілік, болашақ ұрпақтың еншісі, үлгі алуға, қастерлеп, қадірлейтін қазына.
https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1029263174501942&id=100022548073225