Құқықтық сауаттылық-уақыт талабы
Дата: 14.10.2021 | |
Просмотры: 48 | Печать страницы |

#bizbirgemiz
#onlinekitaphana
Құрметті оқырмандар!
Осыдан жиырма алты жыл бұрын, 30 тамыз-Қазақстан халқы тарихи шешім қабылдап, еліміздің құқықтық өміріндегі жасампаз жаңа дәуіріне қадам басқан еді. Содан бері қарай тәуелсіздігіміздің тірегіне айналған Ата Заң - мемлекет пен қоғамда орын алып отырған барлық саяси-экономикалық, әлеуметтік реформалардың ілгері басуына, дамудың қайнар бастауына айналды.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын жүзеге асыру мақсатында 3-ші бөлімшедегі №7 кітапхана филиалының ұйымдастыруымен 2021 жылы 25 тамыз күні «Құқықтық сауаттылық-уақыт талабы» атты бейнероликті әлеуметтік желі қолданушылар назарларына ұсынып отырмыз. Мақсаты: Барша әлеуметтік желіні пайдаланушыларға және көпшілік оқырмандарға Ата Заңымыз, адам құқықтары туралы түсінік беру, қоғамның барлық тыныс-тіршілігі заңмен ғана реттеліп, заң арқылы ғана шешілетінін түсіндіру, қолданыстағы Ата Заң-қоғамдағы әлеуметтік теңдік пен ұлттар арасындағы татулықты орнатудағы, саяси-экономикалық тұрақтылықты нығайту, өз міндеттері мен құқықтарын білуге үйрету, өзіндік шешім қабылдай алу әрекеттерін дамыту, құқықтық сауаттылыққа және Отанын сүйетін ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу болып табылады.
https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1033115334116726&id=100022548073225