"Азаттықты аңсаған ұлт көсемі"
Дата: 11.02.2020 | |
Просмотры: 152 | Печать страницы |

2020 жылдың 11 ақпан күні В.Маяковский атындағы қалалық орталық кітапханасының «Алау» коворкинг орталығында Талдықорған қаласының № 12 мектептің 8 сынып оқушыларының қатысуымен қазақтың аса көрнекті ағартушысы, қоғам қайраткері, ақын, жазушы, жалынды көркемсөз шебері Міржақып Дулатовтың 135 жыл толуына орай «Азаттықты аңсаған ұлт көсемі» атты ақпарат сағаты өткізілді. Шараның мақсаты: Азаттықты аңсаған айбынды алаш азаматы туралы түсініктерін кеңейту. Еліне қорған болған, халқына қалқан болған тарих тұлғасынан үлгі - өнеге алуға тәрбиелеу. Шара барысында кітапханашы А.Мұсағалиева оқушыларға ақынның өмірі мен шығармашылығы жайлы ақпарат беріп, слайд көрсетті.