«Ұлы хан – халық жадында»
Дата: 06.10.2021 | |
Просмотры: 55 | Печать страницы |

Қазан айының 6-шы жұлдызында «Ұлы даланың ұлы есімдері» жобасы аясында 1771—1781 жылдар аралығында билік құрған Қазақ хандығының 18-ші ханы, қазақ ордасының тарихындағы ең ұлы хандардың бірі, қазақ тарихындағы аса көрнекті мемлекет қайраткері Абылай ханның туғанына 310 жыл толуына орай, №2 мектептің 6 ә сынып оқушыларымен «Ұлы хан – халық жадында» атты тарихи круиз ұйымдастырылды. Мақсаты: оқырмандарға Қазақ халқының аса көрнекті, саяси мемлекет қайраткері Абылайхан жайлы білім беру.Абылайдың өмірі және қызметімен таныстыру. Аса ірі мемлекет қайраткері, дипломат, қолбасшы болғандығын ашып көрсету. Тарихи сағатты кітапханашы М.Сапбек оқушыларға слайд арқылы ұлы ханның өмір жолымен таныстырумен бастап, шара қонағы ақын, журналист, өлкетанушы, Алматы облыстық «Жетісу» газетінің тілшісі Қажет Андас мырза 18 ғасырда жоңғар езгісінде жұтылуға шақ қалғанда азаттық туын көтерген хан Абылайдың батылдығы, қарағайға қарсы біткен бұтақтай қайсарлығы, даналығы, сергек те сезімтал көрегендігі туралы оқырмандарға баяндап берді. Шара соңында «Қазақтың айбынды ханы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, шолу жасалды. Барлығы 15 оқушы қатысты.
https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1060434194718173&id=100022548073225
https://www.instagram.com/p/CUrXkkvsZmP/?utm_medium=copy_link