1 қазан – Халықаралық қарттар күні.
Дата: 04.10.2021 | |
Просмотры: 72 | Печать страницы |
1 қазан – Халықаралық қарттар күні. Бұл мереке – аға ұрпақтың қоғам өміріне қосқан үлесіне шынайы ризашылық білдіретін және ардагерлерге қамқорлық көрсететін айрықша күн. «Қарты бар үй – қазыналы үй» деп бекер айтылмаған. Біздің мемлекетіміз қарттарды қатты құрметтейді. Оларға үлкен құрмет көрсетіп, жан-жақты қамқор болады. Қазақстанның өсіп-өнуіне, өркендеуіне үйіміздің төрінде отырған ақсақалды аталарымыз бен ақ жаулықты әжелеріміздің үлесі үлкен. Біз сияқты ұрпақты тәрбиелеп, өз ақылдарын айтып, өсіп келе жатқан жастарға өз баталарын беріп отырады. Осы орайда, 2021 жылдың 01 қазан күні В.Маяковский атындағы қалалық орталық кітапхананың кітапханашылары 1 қазан – халықаралық қарттар күні Либмоб ұйымдастырды. Шараның мақсаты: қарттарымызға көңіл бөлу, оларды қуанышқа бөлеу. Жақсы тілектер тілеу. Кітапханашылар тарапынан қарттарымызға гүл сыйланып, тәттілер ұсынылды. https://www.facebook.com/100022548073225/videos/271252755001458/