«Күзгі кереметтер»
Дата: 21.09.2021 | |
Просмотры: 52 | Печать страницы |

Оқушылардың шығармашылық жұмыспен айналысуына ықпал ете отырып, ұмыт болып бара жатқан салт – дәстүрімізді, мәдени – мұраларымызды, сәндік – қолданбалы өнерімізді жаңартуға баулып, көркем сәндік-қолданбалы өнер бұйымдарын жобалап және жасау әдіс – тәсілдерін үйрету үшін шебер қолдар сабағының маңызы өте зор. Жаңа заман ғылымының мол жетістіктерімен қаруланған, мәдени дүниетанымы, көзқарасы қалыптасқан, бәсекеге қабілетті маман жастарды тәрбиелеу, сондықтан сапалы білім берумен қатар еңбекке баулу, үйрету аса қажет. Осы орайда қалалық орталық балалар кітапханасының жоғарғы сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімі қыркүйек айының 21-ші жұлдызында «Күзгі кереметтер» атты шебер қолдар сабағын ұйымдастырып өткізді. Шебер қолдар сабағының мақсаты: Балаларға қосымша білім беруде оқушының білімін, шеберлігін көрсету. Оқушыны шығармашылық жұмысқа тарту арқылы танымдық қабілеттерін, қызығушылығын арттыру, жетістіктерін бағалап көрсету, белсенділігін қалыптастыру, өздігінен еңбек етуге дайындау, іскерлігін дамыту.
https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1050779095683683&id=100022548073225
https://www.instagram.com/p/CUEfUIHtFSj/?utm_medium=copy_link