«Мақал – мәтел»
Дата: 21.09.2021 | |
Просмотры: 49 | Печать страницы |

Кітап оқитын балалар кітап оқитын қоғамды құрады. Сондықтан қазақ әдебиетінен балалар әдебиетін бөліп алып қарастыра алмаймыз. Осыған орай, «2021 жыл - Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылы» аясында қалалық орталық балалар кітапханасы балалар мен жасөспірімдердің арасында кітап оқу мәдениеті мен кітап оқу белсенділігін арттыру, кітап оқу мәртебесін көтеру мақсатында 9 қыркүйек күні ZOOM бағдарламасы арқылы қала мектептерінің төменгі сынып оқушылары арасында білім, кітап, оқу тақырыбында «Мақал – мәтел» жарысын ұйымдастырып өткізді. Аталған жарысқа 9 оқушы қатысып, дипломмен алғыс хаттармен марапатталды.
https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1043059073122352&id=100022548073225
https://www.instagram.com/p/CTmSSx7ii0b/?utm_medium=copy_link