Аты әлемге мәшһүр жазушы Ілияс
Дата: 06.02.2020 | |
Просмотры: 159 | Печать страницы |

Өтенай ауылдық №5 кітапхана филиалында 27 қаңтар күні кітапхана оқырмандары арасында көрнекті жазушы І.Есенберлиннің туғанына 105 жыл толуына орай «Аты әлемге мәшһүр жазушы Ілияс» атты әдеби вернисаж өтті. Оған №21 мектептің жоғары сынып оқушылары. Мақсаты: Оқушыларды қазақ халқының дара тұлғасы, ұлы жазушы Ілияс Есенберлиннің бай шығармашылығымен таныстыру. Оқырмандардың шығармашылық ізденістерін қалыптастыру. Жазушының халқына қалдырған шоқтығы биік туындыларына шәкірт жүрегінде сүйіспеншілік сезімін ояту, шығармашылығымен таныстыру. Шара барысында жазушының өмірі мен шығармашылығына кеңінен тоқталып өттік. Осы жылы қара сөздің хас шебері, қазақ әдебиетіндегі тау тұлғаның мерей тойы екені айтылып, жазушы туралы интернет желісінен алынған оның өмірінде болған қызықты жайттардан тұратын 20 дерекпен таныстық. Сонымен қатар шараға арнайы жазушының шығармаларынан әдеби вернисаж ұйымдастырылып, әр кітабына жеке-жеке тоқталып, библиографиялық шолу жасалды. Шарға 25 адам қатысты.