Ауғаныстан-жүректегі жазылмас жара
Дата: 06.02.2020 | |
Просмотры: 172 | Печать страницы |

2020 жылдың 06 ақпанында В.Маяковский атындағы қалалық орталық кітапхананың оқу залының «Алау» коворкинг орталығында Талдықорған қаласының № 12 орта мектебінің 8 сынып оқушыларының қатысуымен Совет әскерінің Ауғанстаннан шығарылуына 31 жыл толуына орай «Ауғаныстан-жүректегі жазылмас жара» атты слайд-шоу өткізілді. Шараның мақсаты: Ауған оқиғасының тарихи мағынасын ашу, ардагерлердің ерлігін дәріптеу, жастарды Отансүйгіштікке, ерлікке баулу. Оқушыларды патриоттыққа, рухани адамгершілікке, тәуелсіз еліміздің білікті де, білімді азаматтары болуға,аға буын өкілдерін құрметтеуге тәрбиелеу. Шарада кітапханашы А.Мұсағалиева «Ауғаныстан-жүректегі жазылмас жара» атты слайд, бейнероликтер көрсетті. 8 сынып оқушылары Ауған соғысы ардагерлеріне арналған өлең жолдарын оқыды.